NUTRILITETM СЕРТИФИКАТТАЛҒАН ОРГАНИКАЛЫҚ ФЕРМАЛАРЫ
2 400 гектар меншікті органикалық фермалары
NUTRICERT™ жүйелі сертификаттауы
Өсімдіктерді тек қолайлы аймақтарда өсіру
Компанияның стандарттары мен философиясына сәйкестікті жылына 50 ретке дейін тексеру
Фермерлік әдістерінің толық қадағалануы мен экологиялылығы
Өсімдіктер үшін ең күтімді ретінде қол еңбегін қолдану
Біздің иелігімізде АҚШ, Мексика және Бразилия елдерінде орналасқан 2400 гектар сертификатталған органикалық фермерлік жерлер бар. Олардың ерекше климаты біздің өсімдіктеріміздегі нәрлендіргіш заттардың өте жоғары концентрациясын қамтамасыз етеді.

Алайда, біздің өнімдеріміз үшін барлық өсімдік ингредиенттерін өсіру үшін осы фермалардың өзі жеткіліксіз. Климат пен орналасқан жері нақты өсімдіктердің әлемнің қандай нүктесінде өсірілетінін анықтайды.

Дәл сондықтан, біздің биологиялық белсенді қоспаларымыздың өндірісі үшін қажетті ингредиенттерді жеткізуі үшін, біз Антарктидадан басқа барлық континенттердегі серіктес фермалармен ынтымақтастықта жұмыс істейміз.

NUTRICERTTM СЕРТИФИКАТТАУЫ
NutriCert™ – ауыл шаруашылығы сертификаттауы саласындағы біздің эксклюзив бағдарламамыз. Ол барлық серіктес фермалардың меншікті фермаларымызда қабылданған сапа стандарттарына сәйкестігіне кепілдік береді. Бұл олардың тазалыққа, қауіпсіздікке және тиімділікке кепілдік беретінін білдіреді.

NutriCert™ бағдарламасының арқасында біз процесті тұқымнан бастап, дайын өнімге дейін қадағалаймыз және биологиялық белсенді қоспаларымыздың құрамына кіретін ингредиенттердің өте жоғары сапасын қамтамасыз етеміз.

Біз ингредиенттердің саны мен сапасына және өндірістің экологиялық тұрақты процесіне өте жоғары талап қоямыз. Және салада ұсынылатын стандарттардан жиі асып түсеміз.

NutriCert™ туралы бейне
Ecocert™ сертификаты
Біздің фермалар
АҚШ, Траут-Лейк Батыс фермасы
Жанартау аумағында орналасуы
Тау өзенінен алынатын су
Мұхиттық және альпілік климаттың бірегей үйлесімі
Біздің шағын, бірақ қуатты, 162 гектар алатын, Nutrilite™ Батыс Траут-Лейк сертификатталған органикалық фермамыз АҚШ, Вашингтон штатындағы Каскадты таулардың органикалық алқабында орналасқан. Біз осы жерде өсіретін эхинацея, қаражидек, шүйгіншөп және басқа да негізгі дақылдарымыз мұхиттық және альпілік климатқа байланысты Nutrilite™ биологиялық белсенді қоспаларының құрамында денсаулыққа жағымды әсер ететін нәрлендіргіш заттардың жоғары концентрациясын көрсетеді.
Тазалық

Біз жеткізушілерімізден өсімдік жердің қандай нақты бөлігінде өсірілгені туралы ақпаратты ұсынуын талап етеміз. Егер ол экологиялылық қағидаттарын түсінумен жиналған жабайы өсетін өсімдік болса, біз жиналған жерінің дәл координаттарын талап етеміз.

Барлығын егжей-тегжейлі тексереміз. Біздің NutriCert™ сертификатталған аудитіміз 76 тармақтан тұрады, біздің жеткізушіміз мақұлдауды және ынтымақтастық туралы ұсынысымызды алу үшін олардың әрқайсысына сәйкес келуі тиіс.

Құжаттама өсімдіктердің алуантүрлілігіне кепілдік береді және генетикалық түрлендірілген тұқымдарды пайдалануды болдырмайды.

Қауіпсіздік

АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығын жүргізудің лайықты әдістері жөніндегі ұсыныстарды (АШЛӘ) (Good Agricultural Practice [GAP]) әзірлегеніне қарамастан, бізге қауіпсіздіктің маңыздылығы соншалықты, біз Министрліктің стандарттарынан да едәуір қатаң өз меншікті стандарттарымызды әзірледік.

Олар су мен топырақтан басталады. Біз олардың құрамында не барын нақты білеміз, және егер олар тестілеуден өтпесе, оларды қолданбаймыз.

Және сондай-ақ біздің жабдыққа қатысты. Біз жабдықтың залалданбауына және онда қауіпті микробтар мен патогендердің болмауына көз жеткізу үшін одан жағындылар аламыз.

Тиімділік

Траут-Лейктегі фермада біз сертификатталған органикалық тұқымды пайдаланамыз, олардан, зерттеулер дәлелдегендей, біздің өніміміздің тиімді қызметі үшін қажет негізгі ингредиенттердің мөлшері жоғары өсімдіктер өседі. Біз өсімдіктерімізді фермамызбен шектесе орналасқан, сөніп қалған жанартау – Маунт-Адамстың арқасында органикалық заттарға бай топырақта өсіріп, олардың құрамындағы нәрлендіргіш заттардың деңгейін сақтаймыз.

Және, ақыр соңында, уақыт. Жиналғаннан кейін өсімдіктердегі нәрлендіргіш заттар ыдырай бастайды, сондықтан біз негізгі ингредиенттерін сақтай отырып, өсімдіктерді егістіктен кептіргіштерге небәрі 20 минутта жеткіземіз.

NUTRILITETM туылуы туралы куәліктер

Біз тұқымдарды іріктеу процесін қатаң бақылап отырамыз, әрбір тұқымды тексеріп және оған бірегей «ТУЫЛУЫ ТУРАЛЫ КУӘЛІК» беріп, ол жерге өсімдік туралы барлық мәліметті – тұқымнан бастап өнім алғанға дейін жазып отырамыз.

Лимонды бальзам
Сертификатты көру
Эхинацея гүлі
Сертификатты көру
Қаражидек
Сертификатты көру
АҚШ, Траут-Лейк Шығыс фермасы
Ұзақ вегетациялық кезең
Дақылдар ротациясы әдістемесі
Зиянкестермен күресу үшін қызыл қоңыздар мен араларды қолдану
Біздің Nutrilite™ Шығыс Траут-Лейк сертификатталған органикалық фермамыз АҚШ, Вашингтон орталық штатындағы 350 гектар жерде орналасқан. Солтүстік орналасуына қарамастан, бұл жартылай қуаң аймақ ұзақ, ыстық вегетациялық кезеңге ие және сондай-ақ ерте замандағы су тасқындары нәрлендіргіш заттарға бай топырақты қалдырған. Бұл жер Nutrilite™ қоспаларында қолданылатын, денсаулық үшін пайдалы нәрлендіргіш заттарға бай жалбыз, қалақай тамыры, бақбақ және басқа да өсімдік компоненттерін өсіру үшін өте қолайды.
Тазалық

Траут-Лейк шығыс фермасындағы Nutrilite™ ингредиенттерінің тазалығы судан басталады. Біз суды Колумбия өзенінің өте таза алабынан аламыз. Одан да таңғаларлығы, өсімдік тамырларын тазалау үшін су алу станциясы суды мұздық кезеңде түзілген тарихқа дейінгі қайнар көзден алады.

Біздің топырағымыз 20 жыл ішінде топыраққа түскен барлық заттарды құжаттаумен органикалық сертификаттаудан өтті.

Бақыланатын GPS тракторлар мен құралдарды басқару жүйелері егіннен дюймнен кем қашықтықта жерді өңдейді және арамшөпті жояды. Бізге синтетикалық гербицидтер керек емес!

Қауіпсіздік

Өнімнің қауіпсіздігі топырақтан басталады. Біз жыл сайын пайдаланатын 3000 тонна компост арнайы талаптарымыз бойынша жасалған: компосттың құрамында пестицидтердің және басқа да ластағыш заттардың қалдығы жоқ.

Біз сондай-ақ ұсақ-түйектерге назар аударамыз. Бізде егістіктің қай бөлігінен, қай күні, кіммен және қандай жабдықты қолданумен арамшөп жұлынғанын және егін жиналғанын көрсететін барлық егістіктердің карталары бар.

Өсімдіктердің тамырларын тазалау станциясында тамырларды жуғаннан кейін қалып қойған судан құрғатып кептіру үшін қысыммен берілетін ауа және вакуум ұштастырылған біздің меншікті жабдығымыз орнатылған. Ол бактериялардың өсуін тоқтатады.

Тиімділік

Фермада да жоғары тиімді өнімді жасау басымдылыққа ие. Уақыт үнемі өтіп отырады. Біз егін жинау үшін ең қолайлы уақыт қашан басталатынын, өсімдіктер нәрлендіргіш заттардың ең жоғары деңгейіне қашан ие болатынын тексеріп отырамыз. Бізде бүкіл егінді жинау үшін небәрі бірнеше күн ғана бар.

Біз егініміздің әрқилы түрлеріне арнайы әзірленген кептіргіш пешті қолданамыз. Ол кептіру уақытын екі есе қысқартуға мүмкіндік береді, осының арқасында фитонутриенттер мен басқа да негізгі ингредиенттер сақталады.

NUTRILITETM туылуы туралы куәліктер

Біз тұқымдарды іріктеу процесін қатаң бақылап отырамыз, әрбір тұқымды тексеріп және оған бірегей «ТУЫЛУЫ ТУРАЛЫ КУӘЛІК» беріп, ол жерге өсімдік туралы барлық мәліметті – тұқымнан бастап өнім алғанға дейін жазып отырамыз.

Бақбақ
Сертификатты көру
Бұрышты жалбыз
Сертификатты көру
Қалақай тамыры
Сертификатты көру
Мексика
Үш рет суару
технологиясы
Қолмен отау
Аралар мен сұңқарлар зиянкестермен күреседі
Мексиканың оңтүстік-батысында орналасқан Nutrilite™ El Petacal* ранчосында біз асжапырақ, қырыққабат, сарыбас, жоңышқа және тағы басқа салқын сүйетін дақылдарды, сондай-ақ жылу сүйетін грейпфрут, мандарин, апельсин және лимон өсіретінімізді көргенде, сіз сүйсіне таңғалуыңыз мүмкін. Бұл ауданы 643 гектар сертификатталған органикалық ферма алшақ орналасқан орташа микроклиматты тың алқапта орналасқан, ол бұл дақылдарға Nutrilite™ көптеген қоспаларының пайдалы сипаттарын беретін қуатты нәрлендіргіш заттарды өндіруіне көмектеседі.
Тазалық

El Petacal* ранчосында біз тек табиғи тыңайтқыштарды пайдаланамыз, сондай-ақ күн сайын топыраққа қанша тыңайтқыш пен ылғал керек екенін анықтау үшін оның тестілеуін жүргіземіз.

Біз ешқашан тәуекелге бел байламаймыз. Топырақтың талдауын жүргізетін қызметкерлер егінді шаңмен ластамау үшін егістіктер бойынша тракторлармен емес, велосипедтермен қозғалып, күніне 45 аялдама жасайды.

Қауіпсіздік

Өнімдердің қауіпсіздігі біздің фермамызда басталады. Біз адамның егінмен кез келген байланыс етуін қадағалап, егінді ластанудан қорғаймыз. Бұл 38 бақылау камерасы адамның кез келген іс-қимылын жазып, тәулік бойы жұмыс істейтінін білдіреді.

Сондай-ақ біз әр кеш сайын бактериялар өсуін және егіннің ластануын тоқтату үшін құрал-саймандарымызды зарарсыздандырамыз.

Және бұл да барлығы емес. Біз өсімдіктің өсуі бойынша және оны өңдеуден кейін әр өсімдіктің талдауын жүргіземіз.

Тиімділік

Тұқымның қай түрі фитонутриенттердің ең жоғары мөлшері бар және ең көп егін беретін өсімдіктерді анықтайтын зерттеулерге 4,8 гектар жер бөлінді.

Егін қандай маңызды болса, оны жинау уақыты да өте маңызды. Біз зерттеулер жүргізіп, фитонутриенттер мөлшері қай мезгілде ең жоғары шегіне жететінін анықтаймыз. Тым ерте немесе тым кеш болуы бізге жарамайды. Осыдан кейін шикізат тәулік бойы өңделеді.

NUTRILITETM туылуы туралы куәліктер

Біз тұқымдарды іріктеу процесін қатаң бақылап отырамыз, әрбір тұқымды тексеріп және оған бірегей «ТУЫЛУЫ ТУРАЛЫ КУӘЛІК» беріп, ол жерге өсімдік туралы барлық мәліметті – тұқымнан бастап өнім алғанға дейін жазып отырамыз.

Кейл
Сертификатты көру
Чиа
Сертификатты көру
Аскөк
Сертификатты көру
Брокколи
Сертификатты көру
Сәлбен
Сертификатты көру
Асжапырақ
Сертификатты көру
Гүлшетен
Сертификатты көру
Жоңышқа
Сертификатты көру
Грейпфрут
Сертификатты көру
Лимон
Сертификатты көру
Кактус
Сертификатты көру
Пикао Прето
Сертификатты көру
Анар
Сертификатты көру
Бразилия
Суаруға арналған су тексеріледі
Арамшөппен күресуге арналған патенттелген машиналар
Органикалық компост және биотыңайтқыштар
Nutrilite™ бірнеше тамаққа арналған ББҚ құрамында пайдаланылатын біздің фирмалық табиғи С дәрумені әлемдегі ацерола өсіру бойынша өте ірі фермалардың бірі – біздің Amway Nutrilite™ do Brasil*** фермамызда өсетін ондаған мың ацеролалардан келіп түседі. Экваторға жақын орналасқан осы сертификатталған органикалық ферманың өте қолайлы климатында біз сондай-ақ Nutrilite™ биологиялық белсенді қоспаларындағы елеулі сауықтыру әсерін қамтамасыз ететін, нәрлендіргіш заттарға бай, сарыбас пен басқа ботаникалық өсімдіктерді өсіреміз.
Тазалық

Бразилиялық ферма жыл сайын 2000-нан астам метрикалық тонна шие беретін ацерола шиесінің 138 000-нан астам ағашын өсіреді. Осыншама шие осынша көп компостты талап етеді. Жылына біз орташа алғанда бір гектарға 16 метрикалық тонна компостты пайдаланамыз.

Құрттар да біздің көмекшілеріміз. Олар өте жақсы егінді өсіруге көмектесетін пайдалы микроағзалары бар сұйық биотыңайтқыштарды өндіреді.

Қауіпсіздік

Барлық фермаларда біз үшін ең бастысы қауіпсіздік. Біз оған өте қатаң қараймыз, сондықтан ауыл шаруашылығын жүргізудің лайықты әдістері (АШЛӘ) (Good Agricultural Practice [GAP]) стандарттарынан елеулі асып түсеміз.

Бәрі ұсақ-түйектен басталады! Мысалы, біздің жабдығымыз әр пайдалану алдында бактериялардың өсуін тоқтату үшін тазаланады және зарарсыздандырылады. Бразилиялық фермада суару үшін пайдаланылатын барлық су патогендерге тексеріледі, ал су беру жүйелері құжаттандырылады және карталарда белгіленеді.

Тиімділік

Ең тиімді тағамдық қоспаларды өндіру үшін біз егінді өсімдіктердегі нәрлендіргіш заттар ең жоғары шегіне жеткенде жинаймыз. Сондықтан біз ацерола шиесін піспеген, жасыл түрінде жинаймыз. Дәл осы жасыл шиеде фитонутриенттердің 150 түрі бар, ал C дәруменінің мөлшері шегіне жетіп, апельсиндегі мөлшерінен 50 есе жоғары болады.

Біз фермамызда өсетін ацерола шиелерінің 80 сұрпының ішінен ең өнімді сұрыптарын іріктеп алдық, ол осы шиенің бүкіл белгілі сұрыптарының 95% құрайды.

NUTRILITETM туылуы туралы куәліктер

Біз тұқымдарды іріктеу процесін қатаң бақылап отырамыз, әрбір тұқымды тексеріп және оған бірегей «ТУЫЛУЫ ТУРАЛЫ КУӘЛІК» беріп, ол жерге өсімдік туралы барлық мәліметті – тұқымнан бастап өнім алғанға дейін жазып отырамыз.

Ацерола шиесі
Сертификатты көру
Серіктес фермалар
Климатқа байланысты біз өз фермаларымызда өсіре алмайтынның барлығын – Жердің Антарктидадан басқа барлық континенттеріндегі әлемнің 27 елінде орналасқан серіктес фермалар жеткізеді. Біздің NutriCert™ сертификаттауымыз жеткізуші фермалар жақсы қадағалау жүйесіне ие, экологиялық таза және әлеуметтік жауапты болуын талап етеді.
Тазалық

Біз жеткізушілерімізден өсімдік жердің қандай нақты бөлігінде өсіп жетілгені туралы ақпаратты ұсынуын талап етеміз. Егер ол экологиялылық қағидаттарын түсінумен жиналған жабайы өсетін өсімдік болса, біз жиналған жерінің дәл координаттарын талап етеміз.

Және барлығын егжей-тегжейлі тексереміз. Біздің NutriCert™ сертификаттау аудитіміз 76 тармақтан тұрады, жеткізушіміз мақұлдау және ынтымақтастық жөніндегі ұсынысты алу үшін олардың әрқайсысына сәйкес келуі тиіс.

Құжаттама өсімдіктердің алуантүрлілігіне кепілдік береді және генетикалық түрлендірілген тұқымдарды пайдалануды болдырмайды.

Қауіпсіздік

Nutrilite тек ең қауіпсіз ингредиенттерді пайдаланады.

Әр жыл сайын біз белсенді өсіру маусымында 30 бастап 50 дейін серіктес фермаларды аралаймыз, олар NutriCert™ қағидаттарына сәйкестігін жалғастырып жатқанына көз жеткізу үшін тексерістер жүргіземіз.

Біз онда жұмыс істейтіндердің барлығын білуіміз тиіс. Біздің жеткізушілеріміз өсімдіктерді жеткізу процесіне қатысатын барлық адамдардың аттарын атауға және байланыс деректерін ұсынуға міндетті.

Тиімділік

Біздің өніміміз тиімді, себебі біз негізгі ингредиенттердің дұрыс мөлшерін пайдаланамыз. Атап айтқанда қалай? Біз бүкіл әлем бойынша ең жақсы жағдайда өсетін ең жақсы өсімдіктерді іздейміз. Серіктестерге өсіру бойынша қойылатын жоғары талаптардың арқасында біз негізгі ингредиенттердің өте жоғары мөлшері бар жоғары сапалы егінді аламыз.

Кейбір компаниялар олардың жеткізушісі ауыл шаруашылығын жүргізудің лайықты әдістерін (АШЛӘ) (Good Agricultural Practice [GAP]) қолданатынына қанағат тұтса, біз өсімдіктер өскен фермаға дейін қадағалауды талап етеміз.

* Эль-Петакаль
** Шеңбер бойынша суару жүйесіндегі дақылдар үшін су берудің жоғары дәлдікті технологиясы
*** до Бразил
Өнімді 15% жеңілдікпен
сатып ал